Алматы Су дебиторлық берешектерге қатысты жұмыстар туралы айтып берді

Алматы Су дебиторлық берешектерге қатысты жұмыстар туралы айтып берді

Алматы қаласы Тұтынушыларының Кәсіпорын алдындағы суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін берешегі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 190 млн. теңгеден асты.

Кәсіпорын қызметкерлері мерзімі өткен қарыздарды өндіріп алу бойынша барлық заңды әдістерді қолдануда, яғни, тұрақты түрде жазбаша және телефон арқылы хабарламалар жасау, сот тәртібімен тиісті талап-арыздар беру және соңғы шара ретінде, жосықсыз тұтынушыларға қарсы күрес барысында неғұрлым тиімді әдіс болып табылатын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінен ажырату жұмыстарын жүргізуде.

Өткен кезеңде дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша 1,6 мыңнан астам тұтынушыға қатысты сот актілері шығарылды, 1,8 мыңнан астам жеке меншік үй иелері, заңды тұлғаларға тиесілі 1,2 мың объект қарыздары үшін сумен жабдықтау жүйелерінен ажыратылды.

«Алматы Су» заңсыз қосылулар мен есепке алынбаған су шығынын азайту жұмыстарын жалғастыруда. 2019 жылы қалалық сумен жабдықтау қызметіне  шарт жасамай және тиісінше көрсетілген қызметтерді тегін, яғни төлем жасамай пайдаланған 1,8 мыңнан астам тұтынушылар анықталды.

Осылайша, борышкерлермен жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп отырады.

Сонымен қатар, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін ұсынудың жария үлгілік шартына сәйкес тұтынушы әр айдың 25-інен кешіктірмей ұсынылған қызмет үшін ақы төлеуге міндетті.  Осыған байланысты, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап Кәсіпорын тұтынылатын қызметтерді уақытылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеуді жүргізетін болады. Бұл шара тұтынушыны сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне уақытылы төлем жасауға ынталандыру және дебиторлық берешектің өсуіне жол бермеу мақсатында қолданылмақ.

    Кәсіпорынмен, көрсеткіштерді беруге қатысты барлық қажетті жағдайлардың жасалғандығын ескере кетеміз.  Жыл басынан есепке алу құралдарының  көрсеткіштерін қабылдау WhatsUp мессенджері арқылы жүзеге асырылуда.  Бұрынғыдай көрсеткіш жайында қоңырау шалып және бақылаушының келуін күту қажет емес,  бар болғаны есепке алу құралының  бет жағын суретке түсіріп, фотосуретті +77473777444 нөміріне жіберіңіз. Келіп түскен суреттер автоматты режимде анықталып, есептеу құралдарының  көрсеткіштері белгілі бір дербес шотқа таратылады.

Суық су мен кәріз мәселелері бойынша тұтынушыларға қашықтықтан қызмет көрсету үшін 3-777-444 көп арналы нөмірі бар call-орталық жұмыс істейді. Бұл сервисті бір жыл ішінде 200 мыңнан астам адам пайдаланды.

Кәсіпорынның ресми сайтының функционалы жаңартылып http://almatysu.kz/, мобильді нұсқасы әзірленді.

Су құбырындағы апатты жағдайларда, ашық құдықтар анықталған кездерде өтінімдер тәулік бойы 274-66-66 тел. бойынша қабылданады.

Аталған шаралар Кәсіпорынға әрі қарай қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, қолданыстағы желілерді тиісті күйде  ұстауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, «Алматы Су» Алматы қаласының тұрғындарын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтыну және төлеу көлемі туралы деректерді уақытылы беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *