Жаңалықтар

Үнемі үздіктер алдында!

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы көпсалалы жоғары оқу орны, қазақ ғылымының қара шаңырағы. Осы жылдың мамыр айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (www.kaznu.kz) өзінің 85 жылдық мерейтойын тойлайды. Университеттің ең алғашқы факультеттерінің бірі, 1934 жылы құрылған xимия және xимиялық теxнологиялар факультеті болып табылады. Факультеттің өзіндік тариxы бар және оқытушыларымен, жетістіктерімен, әлемге атақты түлектермен мақтана алады.

Факультет студенттері өндірістік тәжірибелерін тек ғылыми мекемелерде ғана емес, сонымен қатар химиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық, металлургиялық өнеркәсіптерде өткізеді. Бұл студенттердің тәжірибеден өткен  өнеркәсіптерінде оқуды бітірген соң жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Атап айтқанда Алматы қаласы Энерготиімділік жіне инфрақұрылымдық даму басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сынақ зертханасының физика-химиялық бөлімшесінде  факультет түлектері табысты жұмыс жасауда. Солардың ішінде коммуналды гигиена бойынша дәрігер-санитар  Балагазова Айгүл Жұмабайқызы, сынақ зертханасының бастығы Жүнісова Гүлім Әділханқызы және сынақ зертханасы бастығының орынбасары Сүлейменова Гүлнұр Ахметжанқызы химия және химиялық технология факультеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының үздік түлектері.  Университет ұжымына осындай мықты мамандар даярлауда табыс тілейміз!