Алматы қаласында инженерлік желілерді қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алматы қаласының сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Осыған байланысты «Алматы Су» ШЖҚ МКК су құбыры желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Аталған жұмыстарға байланысты 2025 жылғы 17 маусымда сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін келесі аумақтарда суық су беру уақытша тоқтатылады:
Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтпаев көшесі – Сейфуллин даңғылы;
Құрманғазы көшесі – Сейфуллин даңғылы – Сәтпаев көшесі – Байтурсынов көшесі;
Сәтпаев көшесі – Желтоқсан даңғылы – Тимирязев көшесі – Сейфуллин даңғылы.
Суық судың уақытша тоқтатылуы келесі нысандарды да қамтиды:
Тұрғын үй кешендері: «Керемет», «Дуэт», «Овация», «Куат на Масанчи», «Miracle»;
Оқу орындары: Тұран университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (ҚазҰӨА), Қазақ аграрлық университеті;
Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелері: «Ясли» балабақшасы, «Болашақ» балабақшасы, №23 мектеп-гимназия;
Әкімшілік және коммерциялық нысандар: Республика алаңы, 13 және 15-үй; Желтоқсан көшесі, 175 мекенжайындағы «Қазтелерадио» ғимараты; «InterContinental Almaty» және «Holiday Inn Express» қонақ үйлері; «Каблан» және «Байқоңыр» бизнес орталықтары.
«Алматы Су» аталған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 274-66-66.
Құрметпен,
«Алматы Су»