Бостандық ауданында жаңа су құбырының қосылуына байланысты суық су беру жүйесінде қысқамерзімді шектеулер күтілуде.
2025 жылғы 29 шілде күні сағат 09:00-ден 24:00-ге дейін Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі жекелеген кварталдарда суық судың берілуі уақытша тоқтатылады. Бұл жаңа су құбырының пайдалануға берілуімен байланысты, аталған жоба аудан тұрғындарын қосымша сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілген уақытта келесі контур шеңберінде орналасқан ТОО «Водснаб» және ТОО «Ерменсайводгаз» қызмет көрсету аймақтарында суық су беру уақытша тоқтатылады:
* Әл-Фараби даңғылы – Есентай өзені – Жамакаев көшесі – Алдар Көсе көшесі.
Сондай-ақ келесі аймақтарда су қысымының төмендеуі және ауызсу беруде қысқамерзімді үзілістер болуы мүмкін:
* Әл-Фараби даңғылы – Есентай өзені – Достық даңғылы – Абай даңғылы;
* Абай даңғылы – Масанчи көшесі – Назарбаев даңғылы – Жамбыл көшесі;
* Самал-1, Самал-2 шағын аудандары, Горный Гигант шағын ауданы.
Аталған жұмыстар инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жаңғырту аясында жүргізіліп жатыр және сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
Монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін су беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі – жабдықты міндетті түрде сынақтан өткізіп, баптау шаралары жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 274-66-66.