Алматы қаласының Бостандық ауданындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі

Мыңбаев көшесінің жекелеген учаскелеріндегі құбырларды ауыстыру жұмыстарына байланысты, көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылады:

22 тамыз сағат 23:00-ден 23 тамыз сағат 06:00-ге дейін
Қозғалыс келесі қиылыстарда жабылады:

* Әуезов көшесі мен Мыңбаев көшесі қиылысы
* Жароков көшесі мен Мыңбаев көшесі қиылысы

23 және 24 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін
Гагарин даңғылы мен Мыңбаев көшесінің қиылысында қозғалыс жабылады.

25 тамыз күні сағат 09:00-ден 26 тамыз күні сағат 06:00-ге дейін
Розыбакиев көшесі бойымен Мыңбаев көшесі қиылысында қозғалысқа шектеу қойылады.

25–28 тамыз аралығында
Абая даңғылы мен Сәтпаев көшесінің арасындағы Тұрғыт Озал көшесі бойымен көлік қозғалысы тоқтатылады.

Уақытша шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Мыңбаев көшесі бойымен тозған суық су құбырларының желілерін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Жобаның іске асырылуы аталған қала бөлігіндегі 50 000-нан астам тұрғынды сапалы, әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жол бағытыңызды алдын – ала жоспарлап, қозғалыс шектеулерін ескерулеріңізді сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!