Құбырларды ауыстыруға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай, 24 тамыздан 30 тамыз аралығында Әбіш Кекілбайұлы көшесінің Байқадамов және Есқараев көшелерінің арасындағы учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Бұл шектеулер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыстарды сапалы атқару мақсатында енгізілуде.
Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!