Алматыда жаңа су құбырлары желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

2025 жылғы 23 қыркүйекте сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жаңа су құбыры желісіне қосу жұмыстары барысында Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Анықтап айтқанда, шектеу мына контурда болады: Серкебаев даңғылы – Әл-Фараби даңғылы – Үлкен Алматы өзені – Малахов көшесі – Қожабеков көшесі, Әл-Фараби даңғылы – Витебск көшесі – Хусаинов көшесі – Үлкен Алматы өзені.

2025 жылғы 24 қыркүйекте сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін суық су беру уақытша Мустафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі Торайғыров көшесінің солтүстік жағында тоқтатылады.

«Алматы Су» МКК келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстар жүргізудің қажеттілігіне түсіністікпен қарауды өтінеді.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 274-66-66.