Алматы мен Корея Республикасы озық су технологияларын енгізу үшін әріптестік орнатты
Алматы қаласы мегаполистің су құбыры және кәріз жүйесін жаңғыртуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты нығайтып келеді. Цифрландыру мен автоматтандырудың озық технологияларын енгізу аясында Алматы қалалық Энергетика және су шаруашылығы басқармасының ШЖҚ «Алматы Су» МКК Корея Республикасының Су өнеркәсібінің ұлттық кластерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Корея Республикасының жетекші компанияларымен әріптестік Алматының су шаруашылығын цифрландыруды жеделдетуге, халықаралық тәжірибені қолдануға және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Корея Республикасы ШЖҚ «Алматы Су» МКК-ның «Цифрлық егізін» жасауға қатысады — бұл сенсорлардан алынған деректер, жасанды интеллект және симуляциялар негізінде нысандарды нақты уақыт режімінде бақылауға, талдауға және басқаруға мүмкіндік беретін виртуалды модель.
Пилоттық жоба ретінде Бас тазарту құрылыстарында заманауи шығын өлшегіштер орнатылды. Жақын уақытта «ақылды есептегіштерді» енгізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда. Сондай-ақ энергия тиімділігін, экологиялық тазалықты және су шешімдерінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған су құбыры және су тазарту жүйелерін жаңғырту бойынша бірлескен жобалар қарастырылуда.
Әріптестік цифрлық технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ашып, тиімділікті арттыруға және қала тұрғындары үшін қызмет сапасын жақсартуға жол ашады.
Корея Республикасының Су өнеркәсібінің ұлттық кластері — су жеткізу, су тазарту және су ресурстарын басқару салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік органдарды, ғылыми-зерттеу институттарын және жеке компанияларды біріктіретін ұйым.
«Алматы Су» — Алматыны ғана емес, оған жақын орналасқан елді мекендерді де сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ететін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі.

