Алматыда тұрғын үй сатып алғаннан кейін коммуналдық қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы түрде рәсімдеуге мүмкіндік беретін жаңа цифрлық шешімдер енгізілді. Енді кеңселерге барудың немесе кезек күтудің қажеті жоқ — қызметтердің басым бөлігін ialma.kz порталы арқылы онлайн орындауға болады.
Жаңа тұрғындар жиі бұрынғы меншік иесінің атына квитанциялардың келуі сияқты жағдайға тап болады. Мәліметтерді өзгерту, шарт жасасу немесе үйде тіркелген адамдар санын жаңарту үшін цифрлық сервистерді қолдану жеткілікті.
Бұл қалай жұмыс істейді:
1.ialma.kz порталында телефон нөмірін растау арқылы тіркеліңіз.
2.Жеке кабинетке тұрғын үйді қосып, жеке шотты көрсетіп, меншік құқығын растаңыз.
3.Қажетті қызметті таңдаңыз — квитанциядағы мәліметтерді өзгерту, жаңа иесінің атына рәсімдеу, тіркелген тұрғындар санын жаңарту және басқа да қызметтер.
4.Қажетті құжаттарды тіркей отырып, онлайн өтінім жіберіңіз.
5.Өтінімнің мәртебесін жеке кабинеттен бақылап, SMS хабарламаларын қадағалаңыз.
Порталда жеке және заңды тұлғалар үшін су, жылу және электрмен жабдықтау салаларында 60-тан астам қызмет көрсетіледі. Барлық операциялар бірнеше қадамда, кеңсеге барусыз орындалады.
ialma.kz порталы — Алматы қаласының коммуналдық секторы қызметтерін оңай әрі қолжетімді ету үшін жасалған платформа.
