Акция суық су, кәріз және жылумен жабдықтау қызметтері үшін уақтылы төлем жасамау салдарынан дебиторлық берешекке жол берген пәтер иелері мен жеке тұрғын үйлердің меншік иелері – жеке тұлғаларға қолданылады.
Акцияға қатысу үшін биылғы жылдың желтоқсан айының соңына дейін бар қарызды толық өтеп, ШЖҚ «Алматы Су» МКК-ның тұтынушыларды қолдау орталықтарының біріне жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке төлем туралы түбіртектің көшірмесін (кассалық чек) қоса тапсыру керек.
Өтініш қабылдайтын мекенжайлар:
•Жароков көшесі, 196, 1-қабат
•Жетісу-3 ықшам ауданы, 37-үй
•Ботаника көшесі, 29А (Сейфуллин–Дегтярев қиылысы, «Север» ательесінің артында)
•Чуланов көшесі, 109 (Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы мен Рысқұлов даңғылының арасы)
Өсімпұл тек қарыз толық өтелген жағдайда ғана есептен шығарылады.
Қызмет көрсету орталығына бару мүмкіндігі болмаған жағдайда, құжаттарды электрондық поштаға жолдауға болады: almatysu@almatysu.kz
Қарыз сомасы туралы ақпаратты немесе есептеулерге қатысты кеңесті 3-777-444 нөмірі арқылы алуға болады.
Еске саламыз: қарызды төлемеген жағдайда тұтынушылар қызмет көрсетуден ажыратылады, ал берешек сот арқылы өндіріліп, мүлікке және банктік шоттарға тыйым салынуы мүмкін.

