Желтоқсан тұлғалары

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – ұлтымыз үшін айрықша маңызы бар, үлкен мерекеге айналған тарихи күн. Бұл күн, сондай-ақ, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу күні болып табылады. Тәуелсіз ел болуға ұмтылған сол бір қиын кезеңде өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, ел болашағы үшін үлес қосқан азаматтар әрбір мекемеде бар.

Біздің кәсіпорында да тәуелсіздік жолында ерлік танытқан, жүректері таза, рухы биік азаматтар еңбек етеді. Жыл сайын кәсіподақ ұйымы тарапынан аталған азаматтарға құрмет көрсетіліп, алғыс білдіріліп, құттықтау мен сый-сияпат табысталып келеді. Биыл да бұл игі дәстүр өз жалғасын тапты.

Атап айтқанда, Супиев Марат Нұрдаулетұлы, Айтуаров Ермек Нургалыкович, Галламов Марс Сапарғалиұлы, Садуллаев Қуанышбай Файзуллаұлы, Жабалбаев Ғабиден Елеусізұлы, Ақшабаев Темірқан Шөкенұлы, Жандусов Берденғали Тажбенұлы, Қыдырбаев Ербол Құрманғалиұлы, Каятов Ергали Зейнегабылович, Желеуов Женис Байбалаевич, Абдраев Қуанышба Есімбекович, Майтыбаев Сәбий Әлімжанович, Қыдыков Дәулен Аширбаевич, Құдайберді Серік Жапсарбайұлы, Балкибеков Мұхтар Каматаевич, Курмангалиева Бибігүл Наримановна, Бектемісов Нұрақын Түйгамбекович, Айғалиева Назым Мендалиевна, Джумагалиева Гүлнара Құрамысовнаға ерекше құрмет білдіреміз.

Желтоқсан оқиғасы – халқымыздың жадында мәңгі сақталатын тарихи кезең. Сол күндері қазақ жастары Мағжан Жұмабаев айтқандай, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» мінез танытып, ел тәуелсіздігіне жол ашты. Бүгінде сол батырлықтың арқасында Қазақстан егемен, тәуелсіз, зайырлы мемлекет ретінде дамып келеді.

Еліміздің әрбір азаматы Қайрат, Ләззат және өзге де батыр, қайсар ұл-қыздардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұрпақ жадында сақтау – ортақ міндет деп білеміз. Өткен тарихты ұмытпай, оны өскелең ұрпаққа үлгі ету арқылы ел бірлігін нығайтып, тәлім-тәрбиені дұрыс бағытта жалғастыруға сенім білдіреміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, әрдайым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын тату да тұтас мемлекет болғай.