Шарт жасасу

Келісім-шарт құру

Бұл бөлімде ауыз су мен канализация қызметіне қатысты келісім-шартқа отыруға, қайта келісім-шарт жасау туралы құжаттар тізімі көрсетілген.  Құжаттардың түрлері тұтынушылардың категорияларына қарай көрсетілген.

Келісім-шарт құру /немесе келісім шартқа қайта отыруға қажетті құжаттар:

Жеке кәсіпкерлермен жеке тұлғаларға:

  1. Жеке куәлігі (көшірмесімен);
  2. Кәсіпкерлігі туралы куәлік (көшірмесімен);
  3. Құқық белгілеуші құжаттар:
    • Сатып алу туралы келісім шарт (ауыстыру, сыйлыққа беру,т.б.) (көшірме);
    • Техникалық төлқұжаты (Халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама)(көшірме);
    • Жердің актісі (көшірме);
  4. Суды пайдалану есебі (лицензиясы бар арнайы жобалау мекемелерімен жасалады);
  5. Ыстық су болған жағдайда, «Алматы жылу жүйесі» мекемесімен келісім-шарттың көшірмесі;

Ескертпе:

Құбыр желілерінің иесінен (жеке тұлға, КСМ,КСК) рұқсат қағазы:

Егер орталықтандырылған ауыз суға қосылу болса, қосылуға рұқсат етілген акт және төлем жасалғаны туралы түбіртек;

Егер ведомствалық құбырларға қосылса, құбыр иелерінен рұқсат;

Заңды тұлғаларға :

-ауыз су мен канализацияға техникалық шарт;

– лицензиясы бар мекеменің Есептеуіш құралын орнатқаны туралы акті, есептеуіш құралының паспорты;