Жерасты сумен жабдықтау көздері
Қазіргі уақытта қалаға жеткізілетін судың 70 пайызыы тереңдігі 150 метрден 500 метрге дейінгі ұңғымалар қондырылған жерасты су көздерінен алынады. Барлығы 386 артезиан ұңғымасы / шоғырлы бас тоғандардың жалпы өнімділігі тәулігіне 1 092 мың м3 құрайды.
Күн сайын шамамен 170 ұңғыма жұмыс істейді.
Шаруашылық сумен жабдықтау көзі ретінде пайдаланылатын жерасты суы ҚР аумағында қолданылатын нормативтерге сәйкес келеді. Жер асты көздерінен алынатын суды зарарсыздандыру судың қайталама ластануын болдырмау үшін жүргізіледі.
Зарарсыздандырудан кейін су таза су резервуарларына беріледі, содан кейін сорғы айдау станциялары арқылы тұтынушыларға беріледі.
Қазіргі уақытта суды өндіру және алу Алматы, Кіші Алматы, Талғар кен орындарының жерасты ұңғымаларынан, Каменское плато учаскесінен жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі-шикі суды өндіру, алу, ауыз суды өндіру, тазарту және тұтынушыларға сату.
Ұңғымалар келесі кен орындарында орналасқан:
Алматы – 232 ұңғыма орналасқан. Алматы кен орнының лимиті тәулігіне -432 мың м3 құрайды.
Кіші Алматы кен орнында-12 ұңғыма орныласқан, Лимиті-тәулігіне 21,6 мың м3 құрайды.
Талғар – 143 ұңғыма, оның 11-і бақылаушы. Лимит
-360 мың м3/тәу.
2009 жылдан бастап Кәсіпорын тереңдігі 300 м ұңғымаларды төменгі сулы қабаттарда бұрғылауға көше бастады
Су сынамаларының химиялық және бактериологиялық талдауларын су көздері департаментінің аттестатталған зертханасы айқындайды.
Барлық кен орындары бойынша жер асты суларының қорларын қайта бағалау жүргізілді.
Су, су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын барлық санитариялық – эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді”. 16.03.02015 жылғы №209 СанЕиН.
Жер үсті көздері
Қазіргі уақытта Үлкен және Кіші Алматы, Кім-Асар, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жер үсті суларынан су өндіру және алу жүргізілуде.
Жер үсті су қабылдағыштарынан су тұндырғыштарға (радиалды, тәуліктік реттеу бассейндері, резервтік су айдыны) түседі, онда судың алдын ала тұндырылуы, қалқымалы заттардың тұндырылуы жүргізіледі.
Одан әрі тазарту үшін су тазарту құрылыстарына жіберіледі, онда суды тазартуға арналған құрылыстардың толық кешені орналасқан: тұндырғыштар, араластырғыштар, сүзгілер, суды зарарсыздандыруға арналған қондырғылар, таза су резервуарлары.
Коагуляцияға арналған реагенттер ретінде хлорлы темір, күкіртқышқылды алюминий қолданылады. Қажет болған жағдайда арнайы қоспа ерітіндісімен сілтілеу жүзеге асырылады.
Реагенттерді араластыру Бас тазарту құрылыстарындағы қабылдау камерасында, “Медеу” сүзгі станциясындағы араластырғыштарда өтеді. Содан кейін арнайы тұндырылып, қалқымалардан тазартылатын су тұндырғыштарға жіберіледі.
Суды түпкілікті тұндыру және бактерияларды жою жедел сүзгілерде жүргізіледі.
Бактерияларды толығымен жою үшін суды электролиз қондырғыларында ас тұзынан алынған натрий гипохлориті ерітіндісімен зарарсыздандыру жүргізіледі.
Тазартылған және зарарсыздандырылған су ауырлық күшімен және 2-ші және одан кейінгі көтергіштердің сорғы станцияларымен тарату желісіне, тұтынушыларға беріледі.
236 сорғы орнатылған 51 екінші көтерілімдегі сорғы станциясы қолданылады.
Қаланы сумен жабдықтау схемасына жалпы сыйымдылығы 300 мың текше метр 118 таза су резервуары енгізілген.
Кәсіпорын нысандарын энергиямен жабдықтауды 81 трансформаторлық қосалқы станция қамтамасыз етеді.
Су тазарту кезеңдері бойынша және қаланың тарату желісіне жіберілер алдында сағат сайын негізгі көрсеткіштер бойынша бақыланады. Қаланың тарату желісінен органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша суды зерттеу күн сайын жүзеге асырылады.
Соңғы 20 жылдағы бақылаулар бойынша судың құрамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Норма шегіндегі кейбір ауытқулар бір жыл ішінде жауған жауын-шашынның мөлшерінен туындайды.
Химиялық құрамы бойынша Алматы қаласының ауыз суында адам үшін қажетті микроэлементтердің табиғи теңдестірілген құрамы бар, ауыз суда ауыр металдардың, фенолдардың, мұнай өнімдерінің толық болмауы байқалады. Су радиациялық деңгейде қауіпсіз және бактериялық ластануы жоқ.
