Суды залалсыздандыру

Ауыз судың қауіпсіздігі бүкіл әлемде су шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша қауіпсіз ауыз су – оны тұтынудың барлық уақытында денсаулыққа қауіп төндірмейтін су. Мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігі қауіпсіздік критерийі болып табылады.

Суда, әсіресе жерүсті суларының құрамында көптеген микроорганизмдер бар. Олардың арасында қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін. Суды зарарсыздандыруды хлор, озон, хлор диоксиді кіретін күшті тотықтырғыштарды немесе ультракүлгін сәулелену сияқты физикалық әдістерді қолдану арқылы.әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады.

Алматы қаласында суды залалсыздандыру қауіпсіз реагент – натрий гипохлоритімен жүзеге асырылады. Сұйық хлордың орнына жаңа реагент келді.

2009 жылдан бастап қаланың барлық су дайындау стансаларында суды зарарсыздандыру үшін хлордың орнына кәдімгі ас тұзын электролиздеу әдісімен алынатын натрий гипохлориті пайдаланылады.

Су дайындау нысандарын зарарсыздандырудың жаңа технологиясына ауыстыру қауіпті зат – сұйық хлор айналымынан шығару есебінен ауыз су өндірісінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүргізілді. Жоғары уытты зат бола отырып, сұйық хлор су дайындау стансаларының аумағына жақын орналасқан үйлер үшін қауіп төндірді.

Натрий гипохлоритінің хлордан айырмашылығы, жанғыш емес және жарылғыш емес, ол төмен уытты заттарға жатады. Оны пайдалану кезінде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының пайда болу қаупі сұйық хлорды пайдаланғанға қарағанда салыстырмалы түрде төмен. Сонымен қатар натрий гипохлоритімен өңделген судың дәмі жақсарады.

Натрий гипохлоритімен суды зарарсыздандыру технологиясын қолдану:

– терроризмге қарсы тұрақтылықты арттыру;

– жоғары уытты зат – сұйық хлор айналымынан бас тарту,

– сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру;,

– төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту және оның салдарын барынша азайту есебінен өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту болып табылады.

Кәсіпорын учаскелерінде Эн-192 маркалы натрий гипохлоритінің 12 электролиздік қондырғысы орнатылды.

Тұздың жылдық қажеттілігі – 644,0 тонна.

Кәсіпорын бойынша тұздың тәуліктік шығыны – 1764 келіні құрайды.