Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі

Алматыда 16 шілдеде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін сумен жабдықтау объектілері мен желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Осыған байланысты келесі аумақтарда орналасқан тұтынушыларға суық су беру уақытша шектеледі:
– Медеу ауданындағы Достық даңғылы-Қажы Мұқан көшесі-Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал-1,2,3 шағын ауданы;
– Бостандық ауданында Әл-Фараби даңғылы-Западная Желтоқсан көшесі – Ганди көшесі-Назарбаев даңғылы
Технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы жұмыстарды орындағаннан кейін су сапасының уақытша өзгеруі мүмкін, сантехникалық аспаптарды (кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де аспаптарды) су құбыры желілерін толық жуғанға дейін пайдаланудан уақытша бас тартуды ұсынамыз.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. “Алматы Су” МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66
“Алматы Су” МКК