Желілерге қосылу

Құжаттар тізбесі

Заңды тұлғалар және шағын, орта бизнес объектілері үшін

Сумен жабдықтау және су бұру желілеріне объектілерді қосуға арналған Техникалық шарттарды (ТШ) алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер учаскесіне жеке меншік құқығын растайтын акт, оны беру негізі — Әкімдік қаулысы, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т.б.);
  2. Объектінің мақсатты пайдаланылуына сәйкес СНиП талаптарына сай орындалған, су тұтыну, өрт сөндіру және су бұру бойынша қажетті шығындарды көрсететін есептер;
  3. Жеке тұлғалар үшін – ЖСН көрсету, заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (БСН) көшірмесі;
  4. Жер учаскесін таңдау актілеріне сәйкес жер учаскесінің шекаралары көрсетілген топографиялық түсірілім (орындалу мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс).

Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  1. Құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер учаскесіне жеке меншік құқығын растайтын акт, оны беру негізі — Әкімдік қаулысы, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т.б.);
  2. Жер учаскесін таңдау актілеріне сәйкес жер учаскесінің шекаралары көрсетілген топографиялық түсірілім (орындалу мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс).

АНЫҚТАМА

Техникалық шарттарды беру туралы

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24-бабына сәйкес тұтынушылардың реттелетін қызметке қол жеткізуі техникалық шарттарды алғаннан және оларды белгіленген тәртіпте толық көлемде орындағаннан кейін мүмкін болатынын хабарлайды.

Объектілерді қалалық сумен жабдықтау және/немесе су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды (бұдан әрі – ТШ) беру төменде көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының Су кодексі;
  • 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары»;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары»;
  • 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары»;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары»;
  • Алматы қаласы мәслихатының VI шақырылымының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 95 шешімімен бекітілген «Алматы қаласындағы инженерлік коммуникацияларды күтіп-ұстау қағидалары»;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметкерлерінің әрекеттерінің нақты тәртібі бар қызметтер көрсету жөніндегі үлгілік регламент»

және Кәсіпорынның ішкі құжаттары.

Техникалық шарттарды беру жөніндегі өтініштерді қабылдау және қарау нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе табиғи монополия субъектісінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды беру туралы өтініш қарауға қабылданған жағдайда, Кәсіпорын белгіленген мерзімде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. өтінішті қанағаттандыру және техникалық шарттарды беру;
  2. техникалық шарттарды беруден бас тарту.

1.Егер техникалық шарттарды беру туралы өтініш Алматы қаласының «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-нен АПЗ сұрау салуы шеңберінде келіп түссе, сауалнама парағы мен объектінің орналасу схемасы алынғаннан кейін техникалық шарттарды дайындау:

  • техникалық күрделі объектілер үшін – 10 жұмыс күні;
  • техникалық күрделі емес объектілер үшін – 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды беруден негізделген бас тарту 2 күн ішінде келесі жағдайларда беріледі:

  1. реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін көрсету үшін қажетті табиғи монополия субъектісінің желілерінде бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, өткізу қабілеттерінің болмауы;
  2. реттелетін қызметті көрсету үшін қажетті табиғи монополия субъектісінің желілерінің немесе өзге де мүлкінің болмауы.

2.Егер техникалық шарттарды беру туралы өтініш Кәсіпорынның кеңсесі арқылы келіп түссе, техникалық шарттарды дайындау немесе оларды беруден бас тарту 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды беруден негізделген бас тарту келесі жағдайларда беріледі:

  1. реттелетін қызметтің талап етілетін көлемін көрсету үшін қажетті табиғи монополия субъектісінің желілерінде бос және қолжетімді қуаттардың, сыйымдылықтардың, орындардың, өткізу қабілеттерінің болмауы;
  2. реттелетін қызметті көрсету үшін қажетті табиғи монополия субъектісінің желілерінің немесе өзге де мүлкінің болмауы.

ТШ – ға өтініш нысандары