Алматыда сумен жабдықтау жүйесінің технологиялық жабдықтарын ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
26 қыркүйек сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін осы мекенжайлар бойынша орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға су беру бойынша уақытша шектеулер енгізіледі:
-Орбита 1-4 ш/а, Таугүл ш/а, Таугүл-1, 3 ш/а, Мамыр 1-7 ш/а;
-Абай даңғылы – Саин – Жандосов көшелерінде;
-Яссауи: Абай даңғылы- Яссауи – И.Кеңесбаев – Әшімов көшелерінің контурында.
Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қалалық секторлардағы суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер қажет.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
“Алматы Су” МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66