Сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыруға байланысты 21 сәуір күні сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін суық су беруде қысқа мерзімді шектеулер қойылады.

Шектеулер келесі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар аумағын қамтиды:

Алмалы ауданы бойынша: «12 месяцев» тұрғын кешені, сондай-ақ «Райымбек парк», «Life Town», «Seyfullin» тұрғын кешендері, сондай-ақ Индустриальная, Алексеев көшелеріндегі тұрғын үйлер.

Жетісу ауданы бойынша келесі аумақтарда: Райымбек даңғылы, Төретай көшесі, Сейфуллин даңғылы, Булкушев көшесі.

Жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатқан жабдықтарды ауыстыру жұмыстары аталған ауданның сумен жабдықталуын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы алуға болады.