8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қаланың барлық ауданында қоқыс жинау, қалалық инфрақұрылым нысандарын тазарту, жаппай ағаш отырғызу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 4 негізгі кезеңге бөлінген.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының мақсаты – тұрғындардың қаланың инфрақұрылымы мен қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыру үшін жағдай жасау, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.