Судың кермектігі туралы

Өте жиі қала тұрғындарына халықтың денсаулығын ойлайтын тырнақшадағы қамқоршылар телефон қоңыраулары арқылы да, пәтерлер мен үйлерді аралау арқылы да краннан келіп тұрған суық суды талдауды ұсынып жүреді. Дәл тұрғындардың көзінше суға жедел талдау жасап, артынша суды тазартуға арналған әр түрлі сүзгілерді сатып алуды ұсына бастайды.

Бұндай әрекеттердің бір ғана мақсаты бар – ол қарапайым халыққа қайткен күнде қымбат тұратын сүзгіні сату.

Алайда, ол сүзгілердің пайдасы жоқтың қасы. Мәселен, ауыз суда міндетті түрде белгілі бір мөлшерде тұз болады, бірақ үнемі сапасына қойылған нормативтік талаптардың шегінен аспайтындай мөлшерде. Олардың құрамын көбіне мәлім  физикалық-химиялық тәжірибелер арқылы оңай анықтауға болады (электролиз, түссіз реагенттерді қосу).

Аз ғана ғылыми тәжірибелерді меңгерген саудагерлер мұндайды біле бермейтін халыққа «керемет құрылғылардың» краннан алынған судағы «ауыр металдарды» және басқа да «зиянды» және «қауіпті» заттарды қалай анықтайтынын көрсетіп шығады, ал іс жүзінде көрсетіп отырған  зиянды заттары тек қана қарапайым еритін тұздар.

Ауыз суға жасалған мұндай «тәжірибелер» нәтижесінде әдетте судың түсі өзгереді, тұнба немесе басқа да «әсерлер» орын алады.

Шын мәнінде, судың сапасын мұндай әдістермен анықтау кәсібилікке жатпайды, демек дұрыс деуге келмейді. Судың тұтынуға жарамдылығын тек аттестатталған әдістемелерге сәйкес арнайы зертханалар ғана сандық талдау нәтижелерімен бағалай алады. Әрине сауда өкілдері су құбырындағы су мен сүзгіленген судың құрамын үстірті салыстыру арқылы  қала тұрғындарын адастырады.

Жер асты (60%) және жер үсті (40%) көздерінен су өндіріп алатын Алматының орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі су сапасын түпкі су алу көздерінен тұтынушылардың үйлеріне кіргізілген құбырға дейін барлық сатылар бойынша бақылап отырады.

Бақылау өлшемдеріне сәйкес Алматының суы, ауыз суға қойылатын бекітілген нормалар мен ережелерге, оның ішінде жалпы кермектік көрсеткіштері бойынша ШЖК (шекті рұқсат етілген концентрация) – 7 мг-экв./л. сәйкес келеді.

Химиялық тұрғыдан алсақ ауыз су құрамы адам ағзасына қажетті микроэлементтерге толы. Су құрамында ауыр металдар, фенолдар және мұнай өнімдері мүлдем жоқ.

Бактериологиялық және химиялық көрсеткіштер бойынша да қауіпсіз болып табылады. Химиялық құрамы ондаған жылдар бойы өзгеріссіз қолданыла береді.

Тұрғындар көбінесе, оның байбына бара бермей, судың «кермектігіне» шағымданып жатады.  ады, кейде бұл не екенін түсінбейді. Кермектік — бұл еріген тұздардың, негізінен кальций мен магнийдің құрамымен байланысты судың қасиеттерінің жиынтығы.

Кальций сүйектерге, тіске және тырнаққа өте қажет  дәрумен болып табылады. Сондай-ақ, бұлшықет, метаболизм, қан тамырларының жұмысында үлкен рөл атқарып, ағзаның инфекциялар мен токсиндерге төзімділігін арттыруға көмектеседі.

Магний жүйке жүйесі мен жүрек бұлшықетінің қалыпты жұмысын сақтауға қатысып,  тамыр жолдарын кейейтіп, денеден холестериннің шығуына және кальцийдің сіңуіне оң ықпал етеді.

Күнделікті тіршілігімізде суды қайнатқан кезде ыдыс түптерінде (шәйнек, ыдыстар, бойлер және т.б.) аздап қақтардың шөгуін байқап жатамыз. Бұл химиялық элементтердің табиғи құбылысынан пайда болатын шөгінділер. Тек ішуге жарамсыз дистилденген су масштаб қалдырмайды.

Қақ шөгінділері тек дистилденген судан ғана қалмайды.

Жалпы кермектікті схемалық түрі:

— қаланың оңтүстік бөлігі кермектігі 1-1,5 мг-экв/л болатын тау суларымен жабдықталған;

— тау және жер асты сулары араласқан жерлерде оның көрсеткіштері 2-4 мэкв / л құрайды;

— тек жерасты көздерімен қамтамасыз етілген аймақтарда (қаланың шығыс және солтүстік бөліктері) — орташа кермектік 3,5-6,5 мг-экв / л.

.