Алматыда бірқатар шағын аудандарда түнде суық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады.
2025 жылғы 22 қазан күні сағат 23:00-ден 23 қазан күні сағат 05.00-ге дейін инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарын жүргізу кезеңінде келесі көшелер контурында суық су уақытша болмайды:
– Абай даңғылы-Саин көшесі-Жандосов көшесі-Қарғалы өзені, оның ішінде «Мамыр 1-7», «Атамекен», «Алмас», «Шабыт», «Жазира», «Қуаныш», «Таугүл» (Ыкылас көшесі, Цветочная көшесі), «Достық» (Абай даңғылының оңтүстігі);
– Абай даңғылы-Қарғалы өзені-Шаляпин көшесі-Әшімов көшесі.
Абай даңғылы-Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Саин көшесі, оның ішінде 6, 7, 10а, 12 шағын аудандар контурында су қысымының төмендеуі күтілуде.
«Алматы Су» уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігінен туындаған шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін 274-66-66 телефон нөміріне хабарласа аласыздар.
