2025 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша
«Алматы Су» МКК бос жұмыс орындары
Байланыс жасайтын тұлға: Қырмыш Балжан Досымжанқызы
Жұмыс телефоны: 8 (727) 270-60-06
- Автокөлік (жеңіл) жүргізушісі, жалақысы – 265 700 теңге
В, С, D санатындағы жүргізуші куәлігі, арнаулы орта білім, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Міндеттері:
Жүк көтергіштігі 3 тоннаға дейінгі автокөлік құралын басқару, бекітілген техниканың техникалық жай-күйін күнделікті бақылау, жол қозғалысы қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және т.б.
- Электргазбен дәнекерлеуші, жалақысы – 358 300 теңге
Талаптар:
Орта кәсіптік білім, міндетті медициналық тексеруден өткен, электр қауіпсіздігі бойынша кемінде екінші біліктілік тобы бар, мамандандырылған оқу орталығында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқудан өтіп, қауіптілігі жоғары жұмыстарға рұқсаты бар, дәнекерлеуші ретінде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Міндеттері:
Түрлі күрделіліктегі аппараттарды, бөлшектерді, тораптарды, конструкцияларды және құбырларды түрлі болаттардан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалары қолмен доғалық және газбен дәнекерлеу; динамикалық және діріл жүктемелері жағдайында жұмыс істеуге арналған металл конструкцияларын дәнекерлеу; металдарды оттегімен су астында кесу; түрлі болаттар мен шойыннан жасалған күрделі бөлшектерді қолмен электрдоғалық ауа арқылы жону және т.б.
- Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер,
жалақысы – 263 300 теңгеден 307 500 теңгеге дейін
Талаптар:
1000 В-тан жоғары кернеуде жұмыс істеуге IV топтан төмен емес рұқсат, жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.
- Апаттық- қалпына келтіру жұмыстарының слесарі,
жалақысы – 224 600 теңгеден 307 500 теңгеге дейін
Міндеттері:
Апаттық -қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.
- Аумақтарды тазалаушы, жалақысы – 188 200 теңге.
- Жетекші экономист, жалақысы – 375 300 теңге.
- Жетекші бухгалтер, жалақысы – 375 300 теңгеден бастап.
- Инженер-энергетик, жалақысы – 297 800 теңгеден бастап
Міндеттері:
Ұйымда қолданылатын бақылау-өлшеу, электротехникалық және жылутехникалық аспаптарға техникалық қадағалау жүргізу, сондай-ақ қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, бу және ыстық су құбырларын, электр қондырғыларын және энергетикалық шаруашылықтың өзге де нысандарын пайдалануға қабылдау, тексеру және мемлекеттік қадағалау органдарында куәландыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Энергетикалық жабдықтар мен электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
- Еңбек жөніндегі жетекші экономист, жалақысы – 375 300 теңге.
- Бас бухгалтер, жалақысы – 593 500 теңге
Талаптар:
Тиісті мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби бухгалтер сертификатының болуы, қаржы-бухгалтерлік салада, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Міндеттері:
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп пен қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемді пайдалануды және Кәсіпорын мүлкінің сақталуын бақылау.
Бухгалтерлік есеп және салық есебі туралы заңнамаға сәйкес Кәсіпорынның қызмет құрылымы мен ерекшеліктерін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып есеп саясатын қалыптастыру.
Жұмыс шоттар жоспарын, бастапқы есеп құжаттарының нысандарын, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу және түгендеулер жүргізу, шаруашылық операцияларды бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясы мен құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.
- Жетекші химик, жалақысы – 375 300 теңге
Талаптар:
Жоғары білім, жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Міндеттері:
Бекітілген әдістемелер мен стандарттарға сәйкес зертхана жүргізетін сынақтардың дұрыстығы мен қажетті дәлдігін қамтамасыз ету.
Ағынды суларды тазалау сапасы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелерін тұрақты талдау, тазалау технологиясындағы бұзушылықтарды уақтылы анықтау.
Зертханалық жабдықтар мен жұмыс орындарының жай-күйін бақылау және анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдау.
Белгіленген құжаттаманы жүргізуді, реагенттердің шығынын, сақталуын және сапасын ұйымдастыру.
Өндірістік кәсіпорындардан қалалық кәріз жүйесіне төгілетін ағынды сулардың сапасына зертханалық бақылау жүргізу, бұзушылықтар анықталған жағдайда Кәсіпорынның бас инженеріне хабарлау.
- Ауысымдық инженер-энергетик, жалақысы – 297 800 теңге.
- Микробиолог-лаборант, жалақысы – 236 100 теңге.
- Call-орталық операторы, жалақысы – 272 900 теңге.
- Бухгалтер, жалақысы – 297 800 теңгеден 330 300 теңгеге дейін.
- Өтінімдерді қабылдаушы, жалақысы – 188 200 теңге.
- Жөндеуші – слесарь, жалақысы – 307 500 теңге.
- Су құбыры желілерін аралаушы, жалақысы – 236 100 теңге.
